19
октябрь
2023
"Достық қымбат өмірде" тақырыбында тәрбие сағаты
Мектебімізде "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясындағы "Ар - ұят" құндылығы негізінде 4-5 сыныптар оқушыларына "Достық қымбат өмірде" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Сыныптағы тәрбие сағатының мақсаты балаларға "дос", "достық" құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту арқылы өзара сыйластық қарым-қатнас, ұл мен қыздың арасындағы сыйластық және бір-біріне қамқор болуға, көмек көрсетуге тәрбиелеу міндеттері талқыланды. Оқушылар топқа бөлініп өз бетімен ізденіске түсіп, өзіне-де, өзгеге-де сын тұрғысынан көзқарастарын айтып пікірталасты.
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы