19
октябрь
2024
Мектеп парламенті президентін сайлауы
2024 жылы 19 қазан күні оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы Мектеп парламенті президентін сайлауы өтті.
Мектеп парламенті оқушылардың өкілетті ұйымы болып саналады. Сонымен қатар алдына мына бағыттағы міндеттерді қояды:
-Мектеп ортасында өзін-өзі басқару дағдыларын дамыту;
-Азаматтық айқын көзқарас танытуға, адамгершілік қасиеті жоғары ұстауға, оқушылардың рухани мәдениетін көтеруге тәрбиелеу;
-Білім алу кезінде мектеп парламенті оқушылардың қызығушылығын арттыруды жүзеге асырады.
Мектеп парламенті президентіне үміткерлер:
✓10 сынып оқушысы Садыкова Еркежан.
✓ 9 сынып оқушысы Тұрсынғалиев Танирберген.
✓9 сынып оқушысы Мұхитқызы Азиза.
Сайлауға 5-11 сыныптардың 52 оқушысы қатысып, келушілердің 82,5 % құрады. Мектеп парламенті президенті болып 34,6 % нәтижемен 10 сынып оқушысы Садыкова Еркежан Қанатқызы сайланды.
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма
#ogu_agartu_ministrligi
#gani_beisembayev
#medetbekovameruert
#өзін_өзі_басқару