16
май
2025
Жер сілкінісі мен өрт кезіндегі іс-қимылдарға арналған оқу-жаттығуы
Мектебімізде жер сілкінісі мен өрт кезіндегі іс-қимылдарға арналған оқу-жаттығуы ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты — оқушылар мен педагогтерді төтенше жағдай кезінде дұрыс әрі шұғыл әрекет етуге машықтандыру, олардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру болды.
Іс-шара барысында оқушыларға өрт қауіпсіздігі ережелері толық түсіндіріліп, практикалық эвакуация жұмыстары жүргізілді. Барлық қатысушылар ғимараттан белгіленген тәртіппен, сабырлы түрде сыртқа шығып, қауіпсіз орынға жиналды.