Өнегелі 15 минут
“П.Теряев атындағы №17 орта мектебі” КММ-нің
“Өнегелі 15 минут” шарасы
Баланың бойындағы асыл қасиеттерді отбасында ата-әжесі қалыптастырады. Бала ата-әжесінің өнегелі әңгімелерін, шежірелерін тыңдап өседі. Өмірден көргені мен түйгені мол қариялар тәрбиелеген бала сөздің қадірін білетін болады. Осы мақсатта ұйымдастырылып жатқан “Өнегелі 15 минут” шарасы біздің мектеп оқушыларының отбасыларында жалғасын табуда. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған кішкентай Раянаәжесі күн сайын уақыт бөліп, ақылын айтып, білгенін үйретуде. Әже тәлімін алған Раянада бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп өсетініне кәміл сенеміз. Сынып жетекшісі: Ж.Түспекова
Адамның ең бақытты шағы отбасымен бірге болған уақыты.Біздің ең құнды
байлығымыз, баға жетпес бақытымыз-отбасымыз.
Отбасы біздің кіші ірі ұлы Отанымыз. Отбасы күні құтты болсын! Еліміз тыныш, xалқымыз аман болсын! Әрбір отбасы шаңырағына бақ-береке, зор денсаулық, шынайы қуаныш тілеймін! Бақытты отбасы шаңырағында тәрбиеленген бақытты балалар көп болсын!