Мектеп тарихы » Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің "П.Теряев атындағы №17 орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы бойынша білім бөлімінің
П.Теряев атындағы №17 орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(777) 541-69-16
Есепші бөлімі:
+7(747)024-43-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2022

Мектеп тарихы

                       "П.Теряев атындағы №17 орта мектебі" КММ-нің құрылу тарихы
    Абай облысы Жарма ауданы Жарма кентіндегі Совет Одағының батыры  "П.Теряев атындағы №17 орта мектебі" КММ-нің іргетасы 1929 жылы Жарма кентінде алғашқы бастауыш мектеп болып қаланды.
    Бұл мектепте 85 бала, оның 35-і қазақ балалары алғаш рет партаға отырды. Мектепте бар-жоғы 3 тақта мен 10 парта ғана болды, 3 мұғалім ғана жұмыс істеді. 

    1935 жылы 7-сыныптық біліммен мектептің алғашқы түлектері бітіріп шықты. 1935 жылдан бастап мектеп Түркістан-Сібір темір жолының №5 орта мектебі болды.
   1960 жылдан бастап Қазақстан темір жолының құрылуына байланысты мектеп Қазақстан темір жолының №237 орта мектебі болды.
    1965 жылдың 18 ақпаны Алматы қаласы Үкімет үйі Қазақ ССР-і министрлер Кеңесінің №132 Қаулысы бойынша Жарма мектебіне П.И.Теряевтің есімі берілді.
   1966 жылы Жарма мектебі "П.И.Теряев атындағы №61 мамандырылған орта мектеп" болды.
    13 сәуір 1998 жылы  П.И.Теряев атындағы №61 мамандырылған орта мектебінен "П.И.Теряев атындағы №17  орта мектебі" КММ-сі болып ауысты.
    Мектеп бойынша бала саны 1-11 сыныптарда -137 оқушы.
    Мектеп алды даярлық топта -10 бала.
    Мектепте кіші орталық жұмыс істейді.
    Толық күндікте-15 бала.
    Жарты күндікте -12 бала
    Мұғалімдер саны -23
    Тәрбиешілер-3