Президент облыстар мен қалалардың әкімдеріне тапсырма туралы » Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің "П.Теряев атындағы №17 орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы бойынша білім бөлімінің
П.Теряев атындағы №17 орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(777) 541-69-16
Есепші бөлімі:
+7(747)024-43-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Президент облыстар мен қалалардың әкімдеріне тапсырма туралы
08
апрель
2024

Президент облыстар мен қалалардың әкімдеріне тапсырма туралы


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма берді

❗️Мемлекет басшысы cу тасқынына ұшырамаған облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырды. Сонымен қатар жолдарды ретке келтіру міндеті жүктелді.

❇️ Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жұмыстарға тұрғындар мен еріктілерді тұрақты түрде тарту маңызды екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, елді мекендер мен қоғамдық демалыс орындарын күтіп-баптау әкімдер қызметін бағалаудың тағы бір өлшемі болмақ.

❇️ Жалпы, өңірлердің басшылары қалаларды лайықты және тартымды жағдайда ұстау мәдениетін енгізуі керек.

t.me/aqorda_resmi