"Жүректен - жүрекке" акциясы » Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің "П.Теряев атындағы №17 орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы бойынша білім бөлімінің
П.Теряев атындағы №17 орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(777) 541-69-16
Есепші бөлімі:
+7(747)024-43-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
апрель
2017

"Жүректен - жүрекке" акциясы

Жүрек жылуы

          ШҚО Білім басқармасының бастамасымен  облыс өңірлерінде 2016 жылдың 1 наурызынан бастап, 1 маусымға дейін «Жүректен – жүрекке» акциясы өтуде. Акцияның басты мақсаты: қоғамдағы әлжуаз,  әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың ардақты тілектерін орындауға ортақ күш салуды біріктіру үшін әрбір азаматтарды қайрымдылық іске тарту және оның жүзеге асуына көмек көрсету. Осы мақсатында Жарма кентіндегі П.Теряев атындағы №17 орта мектебі ұжымында келелі жұмыстар атқарылды. Кентіміздегі аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан бес оқушының арман тілектері орындалуына мектебіміздің 2001 жылы бітірген түлегі, Алматы қаласының тұрғыны және беделді кәсіпкер Дастан Тоқабаев көмегін берді. Балалардың келелі тілектері бойынша 4 балаға толық мектеп формасын (костюм-шалбар,жаздық туюли) және 1 балаға толық спорттық костюм алып беріп қуантты.Оқушылардың ата-аналары, мектеп ұжымы тарапынан Д.Тоқабаевқа қайрымдылығы үшін көп рахметімізді айтамыз. «Жомарт бергенін айтпас, Ер айтқаннан қайтпас» деп дана халқым айтпақшы Дастан жұмсаған қаржысын тіс жарып айтпап еді және жарияламауын өтініп еді. Айтарым қазағымның осындай Атымтай Жомартай азаматтары жасай берсін демекпін.