Президент күні » Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің "П.Теряев атындағы №17 орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы бойынша білім бөлімінің
П.Теряев атындағы №17 орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(777) 541-69-16
Есепші бөлімі:
+7(747)024-43-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
декабрь
2016

Президент күні

«П.Теряев атындағы №17 орта мектебі» КММ-сі бойынша Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналып өтілген шаралар ақпараты.

Қазақстан Республикасының «Тұңғыш Президенті күнін» мерекелеу мақсатында 23-30 қараша аралығында іс-шаралар жоспарланып, жоспар бойынша өткізілді. 26 қарашада «Қазағымның мақтанышы» тақырыбында оқушылар шығармашылығынан суреттер көрмесі ұйымдастырылды. 24қараша «Тәні саудың-жаны сау» ұранымен спорттық іс-шаралар (стол теннисы, тоғызқұмалақ, шахматтан) оқушылар арасында сайыстар өткізіліп, мектеп жеңімпаздары анықталып, мадақтамалар табыс етілді. 25 қараша «Елбасына тарту» ұранымен жоғары сынып оқушылары арасында шығарма жазудан байқау, «Нұрлы болашақ жолында» ұранымен Қаблетті оқушылар арасында «Назарбаев оқулары» ұйымдастырылып өткізілді. Үздік шығарма болып 9 сынып оқушысы Жақыпбекова Балнұрдың  шығармасы танылып, алғыс хатпен марапатталды. 7,8 сынып оқушылары арасында «Ұлт мақтанышы - Елбасы» атты зияткерлік сайыс өткізілді. Сайыс қортындысы бойынша 7 сынып командасы жеңіске жетті. Мектептің 5- 11 сыныптарында «Ел еріне, ері еліне сенген ұлы тұлға» тақырыбында тәрбие сағаттары, «Қазақстанның тұңғыш Президенті» тақырыбында 1-4 сыныптарда ертеңгіліктер өз деңгейінде өткізілді. «Жылдар сөйлейді» атты сахналық қойылымға «Балалық шағымның аспаны» кинофильмі көріністерден қойылым қойылып, сахналанды.30 қарашада «Елбасы күні-елдікке құрмет мерекесі» ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналып салтанатты  жиында Республикалық балалар ұйымы « Жас Ұлан» тобына  6-8 сыныптардан 10 оқушы салтанатты түрде қабылданды. Қабылдау салтанаты барысында жас жеткіншектерге аға ұрпақ өкілдері атынан ізгі тілектер, құтықтаулар айтылып салтанат соңы «Елім менің аңсаған» ұранымен патриоттық әндерден концерттік қойылымға ұласты. Тұңғыш Президент күніне арналған онкүндік жоғары тәрбиелік деңгейде Отанға, Халыққа, Елбасыға деген құрмет пен сүйіспеншілікке толы болды. 

Похожие публикации:

01 декабрь 2016 Президент күні
01 декабрь 2016 Президент күні
01 декабрь 2016 Президент күні