15
октябрь
2024
"Рейхстагқа ту тіккен қазақ"
15 қазан күні Ұлы Отан Соғысының қатысушысы, Қызыл Армия офицері, Қазақстанның Халық батыры (7.05.1999 ж.) Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай мектебімізде 5-7 сынып оқушыларына "Рейхстагқа ту тіккен қазақ" тақырыбында сынып сағаты өтті. Шараның мақсаты: Халқымыздың даңқты тұлғаларының жасаған еңбектері мен ерліктерін өскелең ұрпаққа паш ете отырып, олардың бойында аға ұрпаққа деген құрметпен қарау қасиетін қалыптастыру. ҚР Президенті Қ.Тоқаев "Егемен Қазақстан" газетіне берген сұхбатында "... Жалпыұлттық бірегейлікті нығайту тұрғысынан халқымыздың көрнекті тарихи қайраткерлерін құрметтеу пайдалы болады" деген болатын.
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма